Депутат Қазақстанда марихуананы заңдастыруды және одан дәрі өндіруді ұсынды

Ашық дереккөз

Депутат Снежанна Имашева мәжілісте ұсыныс жасады. Ол жабайы қарасораны ел экономикасын дамыту үшін пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Снежанна Имашева Қазақстанда Шу алқабы құрамында есірткі бар қарасора өсетін жер екенін атап өтті.


"Бұл табиғи ошақпен күресудің жалғыз шарасы - бұл аумақты бақылау, жабайы қарасораны алып тастау және кейіннен жою. Шаралар қымбат, тиімді емес және нашар орындалады", - деді депутат.


Ол сөзінің дәлелі ретінде статистиканы келтірді: жыл сайын құқық қорғау органдары 20-25 тонна есірткі заттарын тәркілейді және оның 95 пайыз үлесі каннабис тобындағы есірткілер екен.

"Сонымен қатар жабайы қарасора проблемасын аймақтың дамуы үшін де қолдануға болады. Ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып, экономиканың жаңа кластерін құру. Үкімет, мысалы, фармацевтикада осы табиғи ресурсты пайдаланудың әлеуеті мен мүмкіндігін бағалауы керек еді. Мысал ретінде каннабис негізіндегі медициналық препараттарды шығаратын озық елдердің тәжірибесін алуға болады", - деді Снежанна Имашева.