Қарағанды облысында Білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова болып тағайындалды. Осы қызметке дейін ол Астананың білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментін басқарды.

Гүлбақыт Жүнісова 1977 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімі бар, Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі магистрі.

Еңбек жолын 1999 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастады, кейін колледжде педагогика оқытушысы және әдіскер болып жұмыс істеді. Қарағанды облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімін басқарды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны мен әдіснамасы басқармасының басшысы болды.

2020-2022 жылдары Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Білім Министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментін басқарды.