Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін?

tengrinews.kz

Бас прокуратура әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

Бас прокуратураның Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Қуандық Бишімбаев қамауда отырғаны айтылған.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген Бас прокуратураның жауабында.

Бұл қылмыс 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сонымен қатар, Бас прокуратура тағы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қылмыстық кодекстің 432-бабы ("Қылмысты жасырып қалу"), Қылмыстық кодекстің 119-бабы ("Қауіпті жағдайда қалдыру") және Қылмыстық кодекстің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деді Бас прокуратура өкілдері. 

Олар қылмыстық істердің тергеу сатысында екенін және Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейтінін алға тартты.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.