BANNER

12 жастағы қыз бала босанған: Павлодарда 17 жастағы жасөспірімге үкім шықты

Ulysmedia.kz

17 жастағы жігіттің кінәсі сараптама арқылы дәлелденген. 12 жастағы қыз жүкті болып, перинаталдық орталықта баласын босанған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазіргі уақытта жас ана мен баласының жағдайы жақсы. Ол отбасымен бірге басқа ауылға көшіп кеткен.

17 жастағы жасөспірімге екі бап бойынша айып тағылған: "Баланы зорлау" және "Жыныстық зорлық-зомбылық". Сот үкім шығарар кезде айыпталушы екінші топтағы мүгедек екенін ескерген.

- Қылмыс аса ауыр санатқа жататындықтан, заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Алайда, сот кәмелетке толмағанға 10 жылдан астам жаза тағайындай алмайтындықтан, айыпталушы М. 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деді судья.