BANNER

Еріктілер күннің суығында жұмыс істеп жүрген адамдарға шәй берді

фото автордан

Күннің суығына қарамастан жұмысына адал азаматтар әрқашан жастарға үлгі. 

Аязда еңбек етіп жүрген көше бойындағы коммуналдық қызметкерлерге  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің мүшелері, Қарағанды  облысының Жастар  саясаты басқармасының еріктілерімен бірлесіп,   көшеде қар тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шәй мен бауырсақ таратты.

Коммуналдық  қызметкерлер көрсеткен қамқорлығы мен ықыласы үшін еріктілерге шын жүректен алғыстарын білдірді.  Мұндай акциялар басқа азаматтарды бей-жай қалдырмайды деп үміттенеміз.

Бір – бірімізге мейірімді болайық.