Жетісу облысында 6 жасар бала үш айлық қарындасын пышақтап өлтірді

ашық дереккөз

10 қаңтарда Жаркент қаласында (Жетісу облысы) жан түршігерлік қайғылы оқиға болды. Нәрестенің анасы басқа ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы ұлын үйге тастап кеткен, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Неге бұлай істедің?" деген сұраққа бала "ол жылап, мазамды алды" деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныптың оқушысы.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Жаркентте жаңа туған нәрестені пышақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алып отыр.

Басқа мәліметтер, департаментте атап өткендей, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді.