Қарағанды орталық саябағында демалыс күндері өтетін шаралар

gov.kz

Осы демалыс күндері Қарағанды орталық саябағында мәдени іс-шараларды өткізу маусымы жабылады.

23 қыркүйек

12:00 – "Әнім саған, Қарағанды" вокалдық байқауы;

18:00 – "Қарағандының жас жылдары" ретрофестивалі. Сахнада Марат Бекішев пен "Ностальжи" ретро тобы, Ержан Найманбай, Әлімжан Мәкенов, Жанбек Тілеубергенов, Анифа Ақмоллаева, "Кәусар" және "Әуен" дуэттері және басқа да музыканттар өнер көрсетеді.

24 қыркүйек

16:00 – "Очаровашки" балалар ұжымының би бағдарламасы;

17:00 – Еңбек күніне арналған "Еңбек мерекесі – Елдің берекесі" концерттік бағдарламасы.

Аттракциондар бұрыңғыдай 12:00-ден бастап жұмыс істейді, балалар теміржолы 11:00-ден 18:00-ге дейін (аттану әр сағат сайын).