Гандболдан ұлттық құрама әлем чемпионатында бақ сынайды

olympic.kz

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Дүбірлі дода 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінде өтеді. Қазақстандық гандболшылар «G» тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Бразилия, Испания мен Украина.

Ел құрамасы алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізеді.

Ал, 1 желтоқсанда Бразилиямен шеберлік байқасса, 3 желтоқсанда Украинамен кездеседі.

Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр.

Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2007 жылғы 18-орын.

Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегідей:

«A» тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал.

«В» тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай.

«С» тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия.

«D» тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия.

«Е» тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили.

«F» тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран.

«G» тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан.

«H» тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго.