Қазақстан қоржынында алтыншы алтын

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Дастанның нәтижесі – 15,74 метр.

Сондай-ақ, осы санатта қазақстандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.

«Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.