Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады, деп хабарлайды saryarqanews.kz.
Өткен тәулікте еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 4810 жағдай тіркелді. Соның ішінде 75 адам Қарағанды облысына тиесілі.
Індет басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 004 464-ке жетті.
Ал өткен тәулікте Қарағанды облысында 107 адам айыққан. Жалпы Қазақстанда 1083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Осы уақытқа дейін елімізде барлығы 965 796 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.