BANNER

«Аэрофлот» Қарағандыға ұшуды қайта жандандырады

«Аэрофлот» Қарағандыға ұшуды қайта жандандырады

Ресейлік «Аэрофлот» авиакомпаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастайды. 15 қаңтардан бастап компанияның ұшақтары Қарағандыға ұшатын болады.

Мәскеу – Қарағанды –  Мәскеу рейсін жаңғырту 17 қаңтарға белгіленген. Қолданыстағы шектеулерге байланысты Мәскеуден Қарағандыға ұшақтар түзетілген кесте бойынша ұшатын болады. Жолаушылар өзгерістерді «Аэрофлот» сайтындағы онлайн-табло арқылы бақылай алады.

«Аэрофлоттың Қазақстан пункттеріне/пункттерінен осыған дейін тоқтатылған рейстеріне қайтаруды ресімдемеген жолаушылар жаңартылатын рейстерге бірінші кезекте брондау үшін «Аэрофлоттың» байланыс орталығына хабарласа алады. Байланыс орталықтарының телефондары: *555 МТС, Билайн, Мегафон, Tele2 (ұялы телефоннан тегін), (8-800) 444-55-55 (Ресейде тегін), (+7-495) 223-55-55 (Мәскеу үшін)», – делінген авиакомпанияның сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның барлық өңірлерінде ТЖ режимі жарияланды. Ол 19 қаңтарға дейін жалғасады.