BANNER

Бауыржан Байбек: "Барлығына Елбасын кінәлау дұрыс емес"

Бауыржан Байбек: "Барлығына Елбасын кінәлау дұрыс емес"

Бүгін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жиын өткізді. Осылайша еліміздің бас партиясы кезектен тыс съезд өткізуге дайындықты бастады. Онда партия төрағалығы ресми түрде Қасым-Жомарт Тоқаевқа табысталмақ. 

Бұдан бөлек, жиын барысында Бауыржан Байбек қазір көптеген адамдардың Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты жағымсыз пікірлер айтып, барлығына соны айыптап жатқанын жеткізді. Оның пайымдауынша, Елбасының ұлт тарихындағы алар орны ерекше. Сондықтан да, ол Елбасының кейбір қателіктерін дереу жойып, Тұңғыш Президенттік мемлекет тарихына сіңірген еңбегін әділ бағалау қажет деп санайды.  

«Қазір Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы да небір пікір айтушылар көбейді. Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді. Бірақ, ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Айналып келгенде анығын бір Құдай біледі. Ең қиын кезеңде, яғни біз «мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба?» деген сонау алмағайып 90-шы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. Етек жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасымен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі тарихта өз оң бағасын алары сөзсіз», - дейді Бауыржан Байбек.