Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың тапшылығы мәселесін айтты. Депутат осыған қатысты Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Асхат Аймағамбетовке сауал жолдады.
Депутаттың сөзінше, қазір республика бойынша педагогикалық кадрлардың тапшылығы 26 мыңға жуық адамды құрайды. Сондай-ақ 15 мыңнан астам мұғалім зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы қызметкерлер.
Мұғалімдердің өтініштеріне сәйкес, жаңа аттестаттау жүйесі, сондай-ақ жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібіне қатысты кейбір тәсілдер адам ресурстарына аса қолайлы емес. Қызмет көрсету тәртібінің өзі толық әзірленбеген, - деді депутат.
Смышляева сондай-ақ ұлттық біліктілік тестілеуіне тіркелу кезінде талон беру мерзімі белгіленбегенін атап өтті. Арнайы пәндер бойынша әзірленген тесттер жоқ. Аттестаттау комиссиясының бейнематериалдарын сақтау және даулар туындаған жағдайда оларға қол жеткізу тәртібі пысықталмаған.
Ұйымдастыру мәселелеріне байланысты мұғалімдер кезекті аттестацияны өткізіп жіберуге мәжбүр. Уақытты жоғалту айтарлықтай материалдық шығынға, сот ісін жүргізуге және еңбек дауларына алып келеді. Соңғы кездері мектептерде мұғалімдерді қабылдау, ротациялау және жұмыстан босату тәртібі туралы бұйрықтар енгізіліп жатып. Бәлкім, конкурстық іріктеудің ұсынылып отырған жобасы үміткерлердің көптігімен жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін шынымен төмендететін шығар. Дегенмен кадр тапшылығы жалғасып жатқанда ол қалай жүзеге асады деген сұрақ туындайды? - деді Смышляева.
Бұған дейін елімізде педагогтарды жұмысқа қабылдау тәртібі өзгергені туралы хабарлаған болатынбыз.