BANNER

Ерболат Досаев қаражатты шетел асырудың жолын қалай кесетінін айтты

Ерболат Досаев қаражатты шетел асырудың жолын қалай кесетінін айтты

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде қолындағы барын шетел асыруға талпынатын топтардың барын айтып, олардың жолын кесуді тапсырған. Бүгін Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында бұл бағытта қандай іс-шаралар ұйымдастырылатынын түсіндірді.  

Айтуынша, 10 қаңтарда Ұлттық банк Қаржылық мониторинг агенттігімен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдаған.

«Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес операциялар жүргізуге арналған өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі қабылданды, сондай-ақ күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді. Талаптар айқын бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылатын болады. Қабылданып жатқан шаралар ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің ең үздік әлемдік практикасына негізделеді және KYC (know your client) қағидаттарын толыққанды енгізеді», -деді Ерболат Досаев.