Футбол добының тарихы

Ашық дереккөз

Биылғы футбол әлемді шулатты. Мессидің кубокпен түскен суреті инстаграм тарихындағы ең көп лайк басылған сурет болды, 55,6 млн. Бұған дейін де ең көп лайк жинаған да футбол кубогы еді. Футболойнайтын доп қашан, қалай пайда болған?

Ежелгі Қытай Хань әулетінің жылнамаларында «дзу - ню» (аяқ добы) деген ойын туралы айтылады. Археологтар Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі және Мысырдағы қазба жұмыстары кезінде перғауындардың қабірлерінен былғары шарлар тапты. Римдік легионерлердің ойыны «Гарпаструм» футбол мен регбидің прототипі болып саналады. 

Ресми түрде қазіргі заманауи футболдың отаны – Ұлыбритания болып есептеледі. Ортағасырларда бұл ойын өте агрессивті болған. Допты аяқпен де, қолмен де ойнаған. Доп ұстаған адамға топ болып жабылып кететін. Кейде ойын үлкен жарақаттар алумен, сынықтармен аяқталып жататын. 1314 жылы Эдуард II Лондондық тұрғындарға құмаройын ойнайтындарды түрмеге қамау жайлы патшалық жарлық шығарды.

Англия футбол қауымдастығы 1863 жылы 7 – желтоқсанда футбол ойынының алғашқы ресми ережелерін енгізді. 

Ежелде допты былғарыдан, жануарлардың қуығынан, тығыз оралған шүберек сияқты қолда бар нәрселермен жасады. Кей елдер шаш, аң жүнінен, тас, құмтас, ағаш және шыныдан жасаған. Үндістер резеңке шайырдан жасалған шарларды пайдаланды. Христофер Колумб мұндай олжаны екінші саяхатында алып келді. Үнділердің резеңке добы жерге тигеннен оңай және жоғары көтерілді. Басқа шарлар мұндай секіру қабілетіне ие болмаған еді.

Ұлттық футбол даңқ залында (Онеонта, Нью - Йорк) вулканизациялық резеңкеден жасалған алғашқы резеңке допты көруге болады. Оны Чарльз Гудиер ойлап тапқан. Қызып тұрған пеште шикі кәушік пен күкірт қоспасы берік, серпімді, жоғары температураға төзімді композиция түзетінін анықтады. Осыны жетілдіріп, Гудиер кәушіктен резеңке жасап шығарды. Ол кәушікке қарағанда берік әрі төзімді болып шықты. Ол 1855 жылы көпшілікке алғашқы резеңке допты ұсынды. Былғары шебері Ричард Линдон доптың камерасын жақсартты. Шошқаның үрленген қуығынан жасалған камераны берік, соққыға төзімді резеңке камерасына ауыстырды. 

Резеңке доптарды Mitre және Thomlinson компаниялары 

жаппай шығара бастады. Алғашқы тапсырыстар 1888 жылы Ағылшын футбол лигасынан түсті. Доптың сырты 18 былғары жолақтардан жасалған. Бұл дизайн қазіргі волейбол ойнауға арналған үлгілерде сақталған.

Футбол добының дизайны сәулетші Ричард Бакминстердің 

әзірлемелері арқасында өзгертілді. Доптың заманауи дизайны оның Buckyball жобасына негізделген. Доп бесбұрыштар мен алтыбұрыштардан идеалды сфералық пішінді көпбұрышты құрайды. 

60 – жылдарға дейін былғары доптар қолданылды. Ылғалды ауа – райында доп суланып қалды да ауырлап кететін болды. Мұндай доппен ойнау ыңғайсыз әрі қауіпті болатын.

80 – жылдарға қарай былғарыны судың тиюіне төзімді әрі жеңіл синтетикалық материалға ауыстырды. Заманауи футбол добының салмағы 410 – 450 грамм.

Доптар көпке дейін монохромды түсте болды. Бірақ жанкүйерлер үшін оларды ақ - қарателедидар экрандары мен трибуннан қарауы ңғайсыз болды. Сол себепті ашық түсті модельдерді пайдалана бастады.

 

Ақерке АЯНҚЫЗЫ