Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзғандар әкімшілік жазаға тартылды. Аймақта 6 қаңтардан бері полиция бөлімдеріне 128 адам жеткізілген екен. Олар түнгі сағат 23:00 мен таңғы 7:00 аралығында себепсіз көшеде жүрген, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
Айта кетейік, қазір облыс аумағында 8 блок-бекет орналасқан. Тәртіп сақшылары көлік құралдарын тексеру барысында 3 аңшы мылтығы мен 1 пневматикалық тапанша тәркіледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы аумағында тұруға берілген рұқсат қағазының мерзімі өтіп кеткен Өзбекстан азаматы ұсталды. Тағы бір айта кетерлігі, былтырғы жылдың 24 желтоқсанынан бері із-түссіз жоғалып кетті деп, іздеу салынған 30 жастағы тұрғын анықталды. Ол бекеттен өтпек болған.