BANNER

Қарағанды облысының бас имамы үндеу жолдады

Қарағанды облысының бас имамы үндеу жолдады

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа отандастарын даналыққа, бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға шақырды.

– Президентіміз халық игілігі үшін дұрыс шешім қабылдады. Біздің міндетіміз – бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Қазақтар әрқашан дана болған және барлығын ақылмен шешкен. Осының арқасында ата-бабаларымыз тәуелсіздікке, бостандыққа қол жеткізді. Біз бәрін бейбіт жолмен шешуіміз керек, – деді бас имам өз отандастарына.