Қарағандының орталық саябағында Наурыз мейрамын тойлауға мыңдаған адам жиналды. Отбасылар ата-баба салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа жеткізу үшін балаларымен келді.
Каскадты алаң көрікті ауылға айналды.
Абутәліп Есполов мерекеге немересін алып келген. Сәби әлі кішкентай болса да, батырлар мен аңшы құстардың жабдықтарын қызыға қарады.
– Осы мереке күні барша қазақстандықтарға бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін. Наурыз – ересектер мен балаларды біріктіретін, ертеңгі күнге сенім мен үміт сыйлайтын мереке. Наурыз құтты болсын! – деп құттықтады Әбутәліп Есполов.
«Жыл басы» басты театрландырылған қойылымы Орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында өтті.
Қонақтар драма театрларының әртістері, хореографиялық ұжымдар мен көркемөнерпаздар қатысқан «Арқадағы әз-Наурыз» театрландырылған қойылымын тамашалады.
Қыдыр-ата көктем келгенін хабарлағаннан бұлттар сейіліп, күн шығып, мерекені жылуымен және шуағымен нұрландырды.
Салтанатты шараға Zhoshy ансамблі, Әсет Есжан, Ұшқын Жамалбек сал-сері, би театрлары қатысты. Басты жұлдызды қонақтар аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі болды.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, оның маңыздылығын атап өтті.
– Наурыз – біздің ортақ шаңырағымыздағы достықты, өзара сыйластық пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәнінде бүкілхалықтық мереке. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы бекіткен мерекенің жаңа форматы бірлік рухын нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Наурызнама – бұл жай ғана мереке емес, ұрпақтарды біріктіретін және еліміздің жаңа мәдени келбетін қалыптастыратын дәстүр мен қазіргі заман арасындағы көпір.
Мерекелік алаң қонақтарды кез келген талғамға сай ойын-сауықпен қуантқан.
Әр киіз үйде ұлттық жиһаз арасында әдемі суретке түсіп, хош иісті палау, наурыз-көже, бауырсақ және басқа да қазақ тағамдарынан дәм татуға болады.
Қолөнершілер қолдан жасалған бұйымдарды ұсынды,
ал кәсіби бүркітшілер көрермендердің назарын аудара отырып, өздерінің қырандарын әкелді.
Темірәлі Төлегенұлы жыл сайын мерекеге өзінің бүркітімен қатысып, ежелгі аңшылық өнерімен танысуға мүмкіндік береді.
– Барлық қарағандылықтар мен қала қонақтарын мерекемен құттықтаймын. Әр үйде бақ-береке, әр отбасында балалардың күлкісі болсын! Туған жерімізге бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз! – деді ол.
Балалар мен жастар ұлттық алтыбақан серуенімен жүре алады. Ал салмақ көтеру жарыстарында әркім өз күшін сынай алды.
Мерекелер қаланың орталығында ғана емес, Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау саябақтарында және Оңтүстік-Шығыстағы Достық үйінің жанында өтті.
«Шахтер» стадионында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Халықтық серуен күні бойы жалғасады.
Биыл облыс бойынша ұлттық мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды