Қазіргі күні қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін жұмыс тобы құрылды
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы көз жұмды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оның үстіне мұнара краннының ілмегі құлап кеткен - деп хабарлайды sputnik.kz
"15 мамырда сағат 03:34 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран көшесі 50 мекенжайындағы "Тұран-1" көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылыс аумағында (мердігер "EMPAIRE" ЖШС) жұмысшы көз жұмды, оның үстіне мұнара краны тростының үзілуі салдарынан металл ілмек құлап түсті", - делінген хабарламада.