BANNER

Владимир Путин Қазақстандағы қақтығыстарды шетелде дайындықта өткендер жасағанын айтты

Владимир Путин Қазақстандағы қақтығыстарды шетелде дайындықта өткендер жасағанын айтты

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының онлайн-саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бітімгерлік күштерінің Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысының аумағында орналастырылғанын айтты. Елдегі аухал тұрақталған соң, бітімгерлік күштер кері қайтады.

Осы орайда, Белорусь елінің басшысы Александр Лукошенко ҰҚШҰ бітімгерлік контингентіне қатысты айтылып жатқан сыни пікірлерге жауап қайтты. Яғни, кейбір шетелдік БАҚ өкілдері мен белсенді азаматтар Қазақстанға бітімгерлік күштердің кіруін "окупацияға" балаған еді.

- ҰҚШҰ әскерін басқыншылармен салыстыруға болмайды. Біз мұнда өзіміздің қалауымызбен емес, досымыздың, бауырымыздың шақыруымен келдік. Орталық Азиядағы жағдайды қиындатқысы келетіндер көп. Шекаралық аймақтарда халықаралық террористер тобы жиналып алды. Қазақстанның басынан өткен жағдай өзгелерге сабақ болуы керек. Әсіресе, Өзбекстан сақ болғаны жөн. ҰҚШҰ бітімкерлік күштерінің Қазақстанға келуі терроршылардың жоспарын бұзды", - дейді Александр Лукошенко.

Іргедегі Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің де ойы дәл осындай екен.  Оның айтынша, Қазақстандағы газ бағасына қатысты бейбіт митингі ішкі және сыртқы күштер өз мақсатына пайдаланып, бүлік шығарған. 

- Қазақстан мемлекеттігіне қауіп төнді. Мұнда майдандық технология қолданылған. Қазақстанға күштік шабуыл жасалды және бұған дер кезінде назар аударылды. ҰҚШҰ мүше елдері Қазақстандағы жағдайды күрделендіруге жол бермеді.  Елдегі ахуал тұрақталған соң бітімгерлік күштер сөзсіз кері қайтарылады, - деді Владимир Путин.