Мотивацияның қажеті бар ма?

Фото:pixabay.com

2024 жылы мотивациялық контент ешбір адамды таң қалдыра қоймас.  
Көптеген адамдар "мотивациялық" контентті қолданып, өзінің өмірін продуктивті өткізгізгісі келеді. Заман талабына сай шекараға шектегендей "күнімді "өнімді" өткізіп жүрмін" деп өзін мотивациялық сөздермен алдайтындай.  
Әрине, мотивациялық немесе продуктивті контенттің пайдасы да тиер, бірақ әлеуметтік желілер дамыған заманда бұл іс қиынға соғары сөзсіз. 
Кейбір атағы бар блогер-инфлюенсерлер өмірдің шындығын жартылай жасырып, мотивациялық контент ұсынып, кадрдан тыс өмірді ысырып қоятыны бар.  
Сүзгіден өткізілген сурет немесе жартылай жалған инстаграм т.б. әлеуметтік желідегі контентті тұтынып отырған адамдар "рас, өзге адамдар үлгерсе, менің де қолымнан келеді, себебі осы мотивациялық контенттен көрдім, сондықтан осылай болу қажет" деп өзін шектеуі де мүмкін.  
Әйтсе де әр адам әртүрлі, басқа адам бір істі тындырса, енді басқасы мақсатына шамасы келмей қалғанын түсініп, бастағы мотивациялық шекарадан шықпай, өмірдің шындығымен бетпе-бет кездесіп, көңілі түсіп, бейсаналы түрде өзін өзге жандармен салыстырып өмірге деген құштарлығы азая түседі. 
Иә, мотивациялық дүниелер мен продуктивті-өнімді күндер тұлға болып қалыптасуында көмектесер, бірақ "мотивациялық" контенттің арқасында "мінсіз кейіпке" ұмтылып, әрекет ету өзіңнің сеніміңе әсерін тигізуі мүмкін.  
Сондықтан әр адам өз "балансын" тауып, өзінің жылдамдығында жылжып "мотивация, өнімді күн болу керек" деген әртүрлі шектеулермен өзін-өзі шектеп, басып тастамаса керемет болар деген пікірдемін. Себебі, әркімнің өзіндік жолы мен тәжірибесі бар.  
Бастысы тұрақты тәртіпті ұстанып, өзіңмен жұмыс жасау.