Екі валентті коронавирустық вакцина өндіріле бастайды

ашық дереккөз

Екі валентті коронавирустық вакцина өндірісі осы жылдың күзінде басталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтағы өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.

«Жалпы эпидемиялық жағдай жағымды емес, сондықтан қырағы болу керек. Коронавирусқа қарсы екі валентті вакцина инфекциямен және оның мутациясымен күресуге көмектеседі деп үміттенеміз», - деген ол. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның деректеріне қарағанда, екі валентті вакцинаның артықшылығы, ол бастапқы инфекциядан және оның мутациялық штамдарынан қорғайды.

Американдық педиатрия академиясы мен Балалар ауруханалары қауымдастығының соңғы есебіне сәйкес, биыл АҚШ-та балаларда 6 миллионнан астам коронавирус инфекциясы тіркелді, бұл ретте соңғы төрт аптада 287 мыңға жуық жағдай қосылды.

Дүйсенбіде жарияланған есепте Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясын балалардың жұқтыру жағдайы бір жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі айтылған. Осыған байланысты вирустың жаңа нұсқаларымен байланысты инфекцияның ауырлығын, сондай-ақ балалар мен жастардың физикалық және психикалық денсаулығына ықтимал ұзақ мерзімді әсерін бағалау үшін көбірек жас деректерін жинау қажет.