Грузияда құтқарушылар тікұшағы апатқа ұшырады

ашық дереккөз

Грузияда құтқарушылар бригадасы мінген тікұшақ апатқа ұшырап, 8 адам қаза болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі «Грузия жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап.

29 шілде күні Гудаури тауларына құлаған парапланшыларды құтқару операциясы кезінде Грузия Ішкі істер министрлігінің шекара полициясына тиесілі МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, жарылды. Тікұшақ күннің екінші жартысында Тбилисиден Гудауриге ұшып шыққан. Маневр кезінде тікұшақтың артқы бөлігі тауға тиіп кеткен. Бұл артқы пропеллердің бұзылуына алып келген. Бұдан әрі ұшқыш басқаруға ие бола алмай, тікұшақ құлдилап құлаған. Тауға кезекті рет соғылған транспорт жарылып, қалдығы жарға түскен. Оқиға салдарынан 8 адам қаза болды: экипаж командирі, 3 ұшқыш, 2 дәрігер және 2 құтқарушы. Парапланшы да қайтыс болды. Грузияда бүгін аза тұту күні жарияланды.