Жатақханада өрт шығып, сегіз мигрант қаза тапты

Из открытых источников

Қайғылы оқиға Ресейдің Мәскеу қаласында болған.  Хостелде өрт шығып, 8 адам қаза тапты. Тағы 8 адам құтқарылып, 200-і эвакуацияланды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Жатақхана Алматы көшесі, 7 үй, 2 ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз адамның қайтыс болып, үшеуін дәрігерлер қарап жатқаны белгілі болды. Қаза тапқандардың барлығы мигранттар. Олардың азаматтығы анықталып жатыр. Үйіндінің асты тексерілуде. Өртті сөндірді, 150 шаршы метрлік үш бөлме мен дәліз жанған», -– деді жедел қызметтегі дереккөз.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар Мәскеу уақытымен бейсенбі күні сағат 23:58-де түскен. Өртті 20 минутта ауыздықтаған. «Мосгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ғимаратқа газ тартылмаған. «Болжаммен, өрт туралы кеш хабарлаған, оны өздігінен сөндірмек болған. Сол себепті адам өлімі көп», – деді жедел қызметтегі дереккөз. Куәгерлер Алматы көшесіндегі көпқабатты үйдегі хостел 2019 жылдың мамырында тұрғындардың келісімінсіз ашылғанын хабарлады.