BANNER

Кітап оқуға бірнеше себеп

Фото: unsplash.com

Кітап біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Кей адамдар «кітапты ашсаң, жаңа дүниені ашасың» дейді. Бұл тұжырыммен бәрі келіседі. Өйткені кітап оқып отырып, құдды басқа әлемге тап болғандай боласың. 
Көптеген адамдар үшін кітап күнделікті өмірінің бір бөлігі. Кітап сені ешқашан қалдырмайтын жақын досың сияқты.  
Кітап білімге, өмірлік сабақтарға, махаббатқа, қорқынышқа, пайдалы кеңестерге толы. Кез-келген уақытта өзіңе ұнайтын қызықты ақпараттарды кітаптан оқуға болады.  
Кітаптың біздің өркениетіміздің дамуына қосқан үлесі зор. Егер ғалым, жазушы, зиялы қауым өкілдері өз зерттеулерін, шығармашылығы мен өмірлерін ешқашан мұра етіп дәптер бетіне қалдырмаса, не болатын еді? Өткен ғасыр мен жылдардың қызықты мағлұматтары жайлы білмес пе едік? Қызық... 
Кітап оқудың 8 пайдасы: 
1. Ойыңызды шыңдайды. 
Сөздер мен оқиға желісіне зейін сала отырып, миыңызды шынықтырады. Күнделікті кітап оқу сіздің ойыңызды шыңдап, өзіңізді дамытуға көмектеседі. 
2. Стрессті азайтуға көмек. 
Кітап оқу - детальдарға мән беріп, жаңа дүниеге назар салуға көмектеседі. Солай сіздің стресстен арылуыңызға септігін тигізбек. 
3. Ұйқыңызды жақсартады. 
Кітап оқу - стрессті жеңілдетуге және ұйқының сапасын жақсартуға көмектеседі. Жан дүниеңізге тыныштандыратын дәрі сияқты әсер етеді. 
4. Депрессияның алдын алуға көмек. 
Психологиялық кітаптар депрессияның алдын алады. Кітап оқу мида депрессиямен күресетін гормондарды бөледі. 
5. Сөздік қорыңыз кеңейеді. 
Неғұрлым көп оқысаңыз, соғұрлым сөздік қорыңыз бай болады. Сіз өз ойларыңызды еркін әрі сауатты жеткізе аласыз. 
6. Миыңызды жаттықтырады. 
Зерттеушілер кітап арқылы ми жаттықтыру «Альцгеймер» мен «деменцияның» алдын алатынын бірнеше рет дәлелдеді. 
7. Шығармашылықты дамытады. 
Көбірек кітап оқитын адамдардың ойлау деңгейі жоғары әрі шығармашыл болады. Мәселелерді оңай әрі тез шеше біледі. 
8. Сенімділік артады 
Кітап көп оқыған сайын сенімділік те арта түседі. Белгілі бір пән төңірегінде әңгіме қозғалғанда, жоғары эрудиция мен терең білімді көрсету үшін өзіңізді сенімді әрі жинақы ұстайтын боласыз.