75 жастағы қария турникке тартылды

Из открытых источников

«Tartyl fest» республикалық фестивалі Қызылордада өтіп жатыр. Тартысты додада 307 адам күш сынады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 75 жастағы Александр Ким фестивальдегі "ең егде қатысушы" атанды.Сайыс барысында  қала тұрғыны турникке 15 рет тартылды.

«Мен көп жылдан бері турникке тартыламын. Қазір де сол әдетімнен жаңылған жоқпын. Бүгінгі сайысқа жеңемін деп келмегенімді айтамын. Десе де, жастарға үлгі көрсетуге тырыстым», – деді қария.

Сондай-ақ, жобаны ең жас қатысушысы – 6 жастағы Жандәулет Бағдатұлы турникке 15 рет тартылды.

«Балам сайыс өтетінін естігенде оған дайындала бастады. Сол мақсатта оған турник сатып алып бердім. Бүгін өзін жақсы көрсетті деп санаймын», – деді оның әкесі Бағдат Шәкіров. Қазірге дейін Қызылордада сайыскерлер рекордтық көрсеткішті жаңартуға жақын. Қатысушылар арасында турникке 39-40 мәрте тартылған жастар бар.

Еске сала кетейік, спорттық шараны ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр. Қор басшысы – Нұрлан Қоянбаев. Фестиваль Қазақстан бойынша 20 қалада өтеді.  6 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласында Гранд-финал болады. Онда 20 қалада жеңімпаз атанған кіл мықтылар бақ сынасады.