Көп алғысы көгертер

ашық дереккөз

Біздің ауданның тұрғындары атынан Жұмабеков Бейбіт Қайыржанұлына алғыс білдіремін.

Сіздің әрқашан көмекке келетініңізді ерекше бағалаймыз. Уақыттың тығыздығына қарамастан, әрдайым адами қарым-қатынасты жоғары қоясыз. Мұны бағаламау мүмкін емес. Сізге жасаған жақсылықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.  Сіздің жақсылығыңыз бен әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген ынтаңыз ешқашан ұмытылмайды.

Бейбіт Жұмабеков – қарағандылық белсенді және қоғам қайраткері. Тұрғындар қандай  мәселелермен жүгінсе де, әрдайым қол ұшын созуға дайын. Ол халыққа, қоғамға пайдалы істерді жүйелі түрде жасай отырып, қаланың түрлі шағын аудандарындағы тұрғындардың көкейтесті  мәселелерін шешу бойынша үлкен жұмыс жасады. Өз көзқарасын дұрыс жеткізе біледі.

Оның көмегімен:  

  1. Бобруйск көшесінің ауласы абаттандырылып, балаларға ойын алаңы орнатылды;
  2.  Крамского, Энтузиастов, Рационализатор, Анжерская, Липецкая, Бобруйская, Витебская, Нарвская көшелерінің жолдары жөнделді;
  3. Бобруйская, Липецкая көшелері жарықтандырылды;
  4.  Әкімдік арқылы Крамского, Энтузиастов, Рационализатор, Анжерская, Липецкая, Бобруйская көшелеріне жол белгілері орнатылды;
  5. Иесіз желілерді (су арналары, құбырлар, электр) Қарағанды қаласының  коммуналдық қызмет басқармасына беру мәселесін шешті;
  6. Бобруйская, Липецкая көшелерінің бойындағы ескі суық су құбыр желісін жаңарту мәселесі шешілді;
  7. Боруйская көшесі бойындағы көпқабатты үйлерді орталық жылу жүйесіне қостырды;
  8. «Қауіпсіз жол» бағдарламасы аясында «Байтерек» балабақшасының және №10 мектеп маңайына бағдаршам және жол белгілерімен жол тақталарын салынды;
  9. Қарағанды қаласының №10 мектебі толық жөндеуден өткізілді;
  10.  №10 мектеп маңайын жарықтандыру және «Жаяу жүргінші» белгісі мәселесі шешілді;
  11.  Қарағанды қаласы, Пришахтинсктің 21 ықшамауданының аумағындағы 1-6 үй және 1-ші орам, 2,6 үйлерінің аулалалары абаттандырылды. 

 Жумабеков Бейбіт сияқты азаматтардың арқасында біздің қаламыз өркендей береді. Бейбіт үнемі қала, облыс көлемінде өткізіліп жатқан іс-шараларға белсенді қатысып, өз үлесін қосады. Дұрыс шешім қабылдай алады. Біраз жылдар бойы қайырымдылық шараларын атқарады. Халыққа, жастарға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндіру, насихаттау бойынша жұмыстарға белсенді қатысады.

 

 

 

Құрметпен,

Бобруйская көшесінің тұрғыны

Ахметова Оркен Байбуринована