«Saryarqa aqparat» медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

ашық дереккөз

Белгілі журналист Қайрат Жүнісұлы Әбілда «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды LIFE09   ақпараттық агенттігі.

Жаңа басшыны Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов таныстырды. Басқарма басшысы Қамбар Жұмағалиұлына алдағы қызмет жолында сәттілік тілеп, шығарып салды. 

Жаңадан тағайындалған Қайрат Жүнісұлы бұған дейін «Egemen Qazaqstan» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болған.

Құрамына «Ortalyq Qazaqstan», «Индустриальная Караганда» газеттері, қостілді Life09 ақпараттық агенттігі, талдау және сараптау орталығы енген «Saryarqa aqparat» медиахолдингін осы уақытқа дейін басқарып келген белгілі медиаменеджер Қамбар АХМЕТОВ «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.