BANNER

Ораза айт - мейірімділік мерекесі

Pixabay.com

Ораза айт – мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі

Ораза айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде бекітілген екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт. Шариғат бойынша отыз күн оразадан кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі.

Айт намазына дейін әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының да мереке күндері дастархан жайып халықпен бірге қуанулары үшін пітір садақа таратылады. Бұрын араздасқандар татуласады. Айт намазы оқылған соң Алланың разылығы үшін ұлық құлшылық болған құрбан шалу рәсімі жасалады. Мерекелік дастархан жайылып, халық құрбандық еттерінен дәм татады.

Ораза айт күні айт намазына дейін пітір садақасын беріп үлгеру керек. Намазға шығар алдында ғұсыл құйынып, әтірленіп, жаңа киім киіп, құрма жеп, қуаныш пен шаттық көңіл-күймен тәкбір айтып мешітке барып, Айт намазын оқиды. Ораза айт кезінде мұсылмандар бір- бірін құттықтап, мерекелік дастархан жайып, туыстар мен дос-жарандарды қонақ етеді. 

Ораза айт қабыл болсын!