BANNER

“Туристерден ұят”: Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесіне апаратын көпір әлі жөнделмеген

Ulysmedia.kz

Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан әйгілі Қозы Kөрпеш-Баян сұлу кесенесіне кіре берістегі көпір бір жыл болды әлі жөнделмей тұр. Көпір былтырғы су тасқыны кезінде қираған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтемн жасап хабарлайды. 

- Абай облысында тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген Козы Көрпеш–Баян сұлу мазарына апаратын көпірдің қалпына келтірілмегеніне бір жыл болды. Бұл көпір былтырғы су тасқыны салдарынан қираған және оны жөндеу мәселесі күннен-күнге өзекті болып тұр, – деді әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын Олжас Ахметов.  

Сондай-ақ ол желідегі бейнеүндеуінде бұл мәселеге биліктің назар аударуын сұрады. Оның айтуынша, жазда бұл жаққа шетелдік туристер көп келеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен де ағылатын саяхатшылар қарасы үзілмейді. Сондықтан туристердің алдында ұятқа қалмас үшін көпірді қалпына келтіріп қойған дұрыс деді ол.