BANNER

Ұлағатты ұстаз Райса Сейітқалиқызы 85 жасқа толды

Life09

21.02 күні Қарағанды қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің ізбасары және төсбелгісінің иегері, тіл жанашыры, қоғам қайраткері, Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогі, ұлағатты ұстаз Елеусізова Раиса Сейітқалиқызының 85 жасқа толуына орай “Ұстаз - ұлттың тұлғасы” атты мерекелік кеш өтті.

Ұлағатты ұстазды білім бөлімінің басшысы Есентай Мұқатайұлы құттықтап, ұстаздық еңбек жолына тоқталып өтті. Сол сияқты Раиса Сейітқалиқызын тілдерді дамыту орталығы, қалалық ардагерлер ұйымы және т.б қоғамдық ұйымдар, шәкірттері құттықтап сый-сияпат жасады. Мерекелік кештің соңы домбыра үні мен әуелеген әнмен жалғасып, ән-жырдан шашу шашылды.