Қазақстан құрамасы мен Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубының футболшысы Бахтиёр Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы белгілі ресейлік инсайдер Иван Карпов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, футболшы трансфер алдында Мәскеуге аттанып, спорт медициналық тексерістен өтеді.
Карповтың мәліметінше, Зайнутдинов «Динамо» сапына 2,5 миллион еуроға (шамамен 1,57 миллиард теңге) қосылуы мүмкін.
Сонымен қатар, бұған дейін Мәскеудің «Спартак» клубы да Зайнутдиновқа қызығушылық танытқаны белгілі болды. Оның трансферіне спорттық директор Франсис Кахигао тікелей қызығушылық білдіргені хабарланған.