BANNER

Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны рас па?

Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны рас па

Бүгін журналист Михаил Козачков өзінің телеграм каналында экс-премьер-министр Асқар Мамин үйқамаққа алынғалы туралы ақпарат таратты.  Оның хабарлауынша,   Асқар Мамин Қазақстан Темір жолы компаниясына қайта баруы мүмкін деген ақпарат компания қызметкерлерін біршама алаңдатқанын, кейінгілері бұрынғы басшының үстінен премия тағайындауға қатысты жазылған арыздарды таратып жатқанын жазды, деп хабарлайдыSaryarqanews.kz тілшісі.

"Арызда ҚТЖ-дағы Алпысбаев, астана әкімшілігіндегі Кизатов, бірінші вице-премьер Р.Скляр фамилиялары жүр" делінген журналист жазбасында.

Сондай-ақ ол кей дереккөздердің ақпаратына сүйеніп Мамин мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын, қазір бұрынғы үкімет басшысы үйқамақта екенін жазды.

Журналист жазбасы "Айтпақша ол (Мамин - ред) Кәрім Мәсімовтың сыныптасы" деген әзіл-шыны аралас сөздермен аяқталады.

Десек те, Yediov Online телеграм каналы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Экс-премьердің көмекшісіне сілтеме жасаған канал админі Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.