Судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған және жабдықталмаған жерлерде орын алады. Сондықтан әрбір тұрғын судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс, деп ескертеді Қарағанды облысының құтқарушылары.
Суда өзін дұрыс ұстаудың негізгі ережелері мен қауіпсіздік шаралары:
- тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- шектеу белгілерінен асып жүзбеңіз;
- су көлігіне тым жақын бармаңыз;
- суға мас күйде түспеңіз;
- құтқару құралдарын қолданыңыз;
- жартастардан, биік жарлардан және арнайы жабдықталмаған орындардан суға секірмеңіз;
- ауа райын және құтқарушылардың нұсқаулықтарын бақылап отырыңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.