YDD корпорациясы мен Asia FerroAlloys акционерлері «Қазақстан халқына» қорына 1 млрд теңге аударды

YDD корпорациясы мен Asia FerroAlloys акционерлері «Қазақстан халқына» қорына 1 млрд теңге аударды

YDD Corporation және Asia FerroAlloys (бұрынғы Qaz Carbon) акционерлері Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 1 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдай отырып, YDD корпорациясы және Asia FerroAlloys инвесторлары Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе осы қорға 1 млрд теңге аударуды ұйғарды.  Бұл ең алдымен денсаулық сақтау мен білім беру, әлеуметтік жобаларға арналады.

Компаниялар қызметінің басынан бастап ең маңызды бағдар болып табылатын қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау алдағы уақытта да басымдық болып қала бермек.