Доллар 4 теңгеге арзандады

ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 18 шілденің кешімен салыстырғанда 4,26 теңгеге төмендеп, 1 доллар 480,36 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 484, 18 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 480 теңге, сатып алу – 485 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 478 теңгеден болса, сатып алу – 483 теңге.

Еске салсақ, түске дейін ақша айырбастау пункттерінде доллар 490 теңгеден сатылған болатын.