"Мен үшін қастерлі мереке емес": Тоқаев 2024 жылды қалай қарсы алды

ru.wallpaper.mob.org

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында 2024 жылды қалай қарсы алдыңыз деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

"Жаңа жыл – әрине, күнтізбенің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қорытындылап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін. Сөз соңында барша халқымызға бақ-береке тілеймін! Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қастерлі Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін!", - деді президент.