Чемпиондар лигасы: «Қайрат» абсолютті рекорд тіркеді

Сурет: ҚР футбол федерациясы

Қайрат» футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы үшінші ойынын бүгін, 2 желтоқсанда Словакияның «Добовец» клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық команда Косовоның Приштина қаласында В тобында «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения), «Приштина» (Косово) командаларымен сынға түсіп жатыр.

«Қайрат» пен «Добовец» кездесуі елорда уақытымен 21:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Словениялық команда 1978 жылы құрылған. 1995 жылға дейін әуесқой ұжымдар арасында өнер көрсетті. Өз елінің алты мәрте чемпионы.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық ұжым «Бенфикадан» 2:3 есебімен жеңілсе, «Приштинадан» 11:2 есебімен айласын асырды.

Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл 20-мәрте бақ сынап, Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

Сондай-ақ, алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді.