Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингісінде 4-орында

liter.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Бас бапкер Рикардо Каканың жетекшілігімен құрама құрлықтық рейтингте төртінші орынға табан тіреп тұр. Рейтингте біздің құрамадан жоғары Португалия (2615,953 ұпай), Испания (2547,159) және Ресей (2486,456) тұр.

Айта кетсек, қазақстандық футзалшылар 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алды.

Рейтинг төмендегідей:

1. Португалия – 2615.953

2. Ресей – 2547.159

3. Испания – 2486.456

4. Қазақстан – 2416.503

5. Украина – 2056.591

6. Хорватия – 1976.252

7. Финляндия – 1970.212

8. Франция – 1967.701

9. Польша – 1924.072

10. Словения – 1898.780.