BANNER

Қазақстанда доллар құны тағы да күрт көтерілді

Сурет: pixabay.com

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517– 523 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Кей жерлерде 519-524 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.