Америка Құрама Штаттарында белсенділер Дональд Трамп әкімшілігінің саясатына қарсылық білдіріп, наразалық акциясына шықты. Сондай-ақ, америкалықтар ел үкіметі жұмысының тиімділігін арттырумен шұғылданатын Илон Маскқа да наразылық білдірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
CNN арнасының мәліметінше, белсенділер 50 штатта 1400-ден аса акция өткізуді жоспарлап отыр. "Hands Off!" (Қолыңды тарт!) деп ұрандатқан белсенділер штаттардағы заңды, федералды мекемелердің және конгрессмендердің кеңселерінің алдына жиналды.
Деректерге сүйенсек наразылық білдіруге 600 мыңға жуық адам жиналған. Ал негізгі талаптарының ішінде "миллиардерлердің билікті жаулап алуын доғаруды" және Трамп кеңсесіндегі жемқорлықты тоқтату бар. Сондай-ақ олар денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру бағдарламаларын қаржыландыруды, иммигранттар мен трансгендерлерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етіп отыр.