Әлеуметтік желіде Атырауда бір топ адамның ер адамды жабылып аяусыз соққыға жыққаны туралы видео тарады. Оқиға Жилгородок шағын ауданында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған видеодан бес адамның біреуі ер адамды тепкіге алып жатқаныны көруге болады.
“Ер адам жерде, соққыны ауырсынып жатса да олар ұрып-соғуды тоқтатпады. Бұзақылардың бірі оның басына соққы жасаған. Болған жағдайды қыздар видеоға түсіріп алған. Сондай-ақ видеода балағат сөздер айтылған”, – делінген жазбада.
Бірде кейін шегінген бұзақылар ер адамның орнынан тұрып, қашпақ болғанын көріп, қайта шабуыл жасауға оқталды. Алайда жәбірленуші қашып үлгерді.
Кейін зардап шеккен ер адамның түрлі дене жарақаттармен ауруханаға барғаны белгілі болды. Алайда полцияға арыз түсірмеген. Десе де жергілікті полиция болған жағдайға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, тұрақта тұрған көлікке зақым келгені анықталды.