BANNER

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Фото: istockphoto

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана

Астана қаласы: 10 сәуірде шаңды дауыл күтіледі.

Ақмола облысы

10 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 10 сәуірде оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты таулы аймақтарда қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Қостанай облысы

10 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с.

 Қарағанды облысы

10 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Қарағанды қаласында 10 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

10 сәуірде күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 10 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы

10 сәуірде Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында 10 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Абай облысы

10 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Семей қаласында 10 сәуірде таңертең және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

10 сәуірде түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың орталығында, шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Ақтөбе қаласында 10 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында 10 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

10 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Орал қаласында 10 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Алматы облысы

10 сәуірде Алматы облысының және Алматы қаласының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы

10 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.