Қазақстандық еркін күрес палуаны Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
74 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде Нұрқожа Қайпанов қырғызстандық Орозбек Токтомамбетовтен басым түсті.
Күрес 2:1 есебімен палуанымыздың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, өткен жылы Нұрқожа Қайпанов олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әлем чемпионатында 70 келі салмақта үздік атанған.
Бір күн бұрын Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.