Ұлытау облысында қырылған киіктердің саны 14 мыңға жеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді.
“Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар және еріктілердің қатысуымен елді мекендерді киіктердің өлекселерінен тазарту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып, арнайы орындарда жойылуда. Аталған іс-шараға 145 адам және 67 техника жұмылдырылған”, – делінген хабарламада.
Прокуратура Кеңгір су қоймасын да өлекселерден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, 2025 жылдың 28 наурызында Ұлытау облысында үш мың киіктің өлексесі табылған еді.