BANNER

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

Фото: el.kz

Battle of the Brave бокс кешінің басты жекпе-жегінде «Qazaq style» (16-0, 11 КО) чемпиондық атағын қорғады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы Астана төрінде француз Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасты. Қарсыласын бірінші раундта-ақ бір есеңгіретіп алды.

Кейінгі раундтарда Анауэль ес жиғандай болған. Бесінші раундта қарсыласын отандасымыз жойқын нокаутқа түсірді. Осылайша орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз өзінде болған WBO және IBF белбеуін қорғап қалды.