Серілер салған сара жол

фото автордікі

Ақмола облысына қарасты Аршалы кентінен бір топ салт атты Баянауыл бағытына аттанды.19 маусымда жолға  шыққан жолаушылар 22 маусым күні Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің басында сапарларын аяқтамақ.

"Серілер салған сара жол" жобасы былтыр басталған. Ол кезде 3 салт атты 500 шақырымдық жол жүрген. Жоба мақсаты "Рухани жаңғыру" бағдарламасының тиімділігін жұртқа насихаттау һәм салауатты өмір салтын дәріптеу. Сондай-ақ, баяғы сал-серілердің дәстүрімен жолай соққан ауылдарында ән салып, әр әннің тарихы жайлы сыр шертуді жоспарлап отыр.

Шығарып салу сәтінен

- Былтыр біз үш салт атты жолаушыладық. Биыл бізге екі адам қосылды. Болашақта 10-12 адам болып жолға шықсақ біздің мақсатымыздың орындалғаны. Себебі, қазір атқа мінуді ұмыта бастадық. Ал, аттан ауған қазақты екінің бірі басына алады, - дейді жоба идеясының авторларының бірі Аян Кемалов.

Сонымен, жолаушылардың тізімін бере кетсем:

Кемалов Аян Сынбайұлы -  дәстүрлі әнші.
Сәрсенбеков Еркебұлан Тұңғышбайұлы - дәстүрлі әнші, атбегi.

Карiмқожа Елдос Мағаулы -  "Асылқазына" федерациясының төрағасы, тазы жанашыры.

Чукотаев Рустем Әсетұлы -дәстүрлі әнші, атбегі

Жанат Аманғалиев  - дәстурлi әншi.